ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІНІҢ
«КӘСІБИ БАҒДАР – ТАБЫСҚА БАСТАР ЖОЛ»
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ
ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІНІҢ
«КӘСІБИ БАҒДАР – ТАБЫСҚА БАСТАР ЖОЛ»
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ МҰҒАЛІМДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Материалдарды 30 қарашаға дейін осы сілтеме арқылы жүктеңіз:
-
1. Жалпы ережелер
Осы ереже «Тәлімгер» жобасы аясында өтетін «Кәсіби бағдар – табысқа бастар жол» облыстық байқауын ұйымдастыру және жүргізу шарттарын анықтайды (бұдан әрі - Байқау).
-
2. Ұйымдастырушылар
Облыстық байқауды «Тәлімгер» мансап және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі өңірлік әдістемелік орталығы және Маңғыстау облысының білім басқармасы қолдауымен (бұдан әрі - МОББ) жүргізеді.
-
3. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Байқаудың мақсаты – мектептегі кәсіби бағдар берушілердің белсенділігін, шығармашылығын және кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын дамыту.
Байқаудың басты міндеттері:
- кәсіби бағдар беру саласында тиімді тәжірибелерді жинақтау және тарату;
- оқушыларды еңбек нарығындағы өзекті мамандықтармен таныстыру;
- ата-аналарды кәсіби бағдар процесіне тарту;
- оқушылардың жеке қабілеті мен қызығушылығына сай бағыт-бағдар беру.
-
4. Байқаудың ұйымдастырушылары
Маңғыстау облыстық білім басқармасының қолдауымен «Talimger» жобасының «Тәлімгер» мансап және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі өңірлік әдістемелік орталығы.
Байқауды ұйымдастырушылар байқаудың өткізу ережесін жасақтайды және бекітеді, өткізу кезеңдері, мерзімі мен уақытын белгілейтін ұйымдастыру алқасын құрады, сарапшылық комиссияның құрамын, жұмыс регламентін, қаржыландырудың ретін бекітеді.
Байқаудың сарапшылар комиссиясының құрамы төраға, жауапты хатшысы және комиссия мүшелерінен (барлығы -5 адам) құрылады. Сарапшылар құрамына еңбек озаттары, кәсіпкерлер, қоғамдық белсенділер және тағы басқалар кіре алады.
-
5. Байқауға қатысушылар
Барлық үлгідегі (меншік түріне қарамастан) мектептер сайысқа қатысады. Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің кәсіби бағдар беруші мұғалімдері, егер мектепте кәсіби бағдар беруші маман болмаған жағдайда, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен мектеп психологтары қатыса алады.
-
6. Байқаудың өту тәртібі
Байқау бір кезеңнен тұрады: облыстық кезең.
Облыстық кезеңге қатысуға аудан, қалалардан іріктелген 5-6 жұмыс жіберіледі. Байқау 2025 жылдың 23 қазан-30 қараша аралығында өтеді. Байқауға қатысқан ұйымдар дайындаған материалдарын ұйымдастыру комитетіне ұсынады (мерзімі 2025 жылдың 30 қарашаға дейін).
Байқаудың финалы ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтеді. Финалдың нақты күні мен орны анықталады және конкурстың ықтимал қатысушыларына жіберілетін ақпараттық хатта көрсетіледі және «Тәлімгер» білім берудегі әлеуметтік бастамалар мен инновацияларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
-
7. Байқау мазмұны
Байқау бағдарламасы төмендегі шарттарды қарастырады:
- Фотоесеп – өткізілген кәсіби бағдар іс-шараларының фотосуреттері мен қысқаша сипаттамасы;
- Бейнеролик – 3 минутқа дейінгі бейне, онда кәсіби бағдар жұмысы, тренинг немесе ата-аналармен, оқушылармен кездесу көрсетіледі;
- Әдістемелік әзірлеме – кәсіби бағдар сабағының, тесттің, тренингтің толық сценарийі;
- Ойын түріндегі жұмыс – кәсіби бағдар квесті, викторина немесе ойын элементтері бар сабақ;
- Кәсіби бағдар іс-шарасының сценарийі – толық құрылымы мен тапсырмалары көрсетілген әдістемелік нұсқаулық.
Сайыс кезеңдері 10-балдық жүйемен бағаланады. Жеңімпаз барлық критерийлер баллдарының қосындысымен анықталады.
Байқау бағыттары:
- «Креативті идея — жаңа формат» — кәсіби бағдар беру саласындағы заманауи формат, ерекше авторлық тәсіл, іс-шаралардың әдістемесі, бағдарламалар (форсайттар, квесттер, пікірталас алаңдары, тренингтер, ата-аналар конференциялары және т.б.).
- «Цифрлық кеңістіктегі кәсіптік бағдар» — конкурстық жұмыс ретінде кәсіптік бағдар беруде цифрлық технологияларды қолдану (ЖИ, Big Data және т.б.) бойынша әдістемелік ұсынымдар.
- «Жеке кәсіби навигатор» — өзін-өзі тану, мамандық әлемі, әр оқушымен жеке бағдар жобасы, әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылы жоспары негізінде экскурсиялар, кездесулер, дәрістер, подкасттар, ұсынымдар, сценарийлер.
Ескерту: әрбір қатысушы тек бір бағыт бойынша қатыса алады.
-
8. Бағалау критерийлері
№ Критерий Сипаттамасы 1 Өзектілік Заманауи тенденциялар мен сұранысқа ие мамандықтардың қамтылуы 2 Креативтілік Жаңашыл, ерекше идеялардың және шығармашылық тәсілдердің қолданылуы 3 Әдістемелік сауаттылық Материалдың құрылымы, мазмұны және сапалы рәсімделуі 4 Оқушылардың қатысуы Іс-шараға қатысқан оқушылардың саны мен белсенділігі 5 Ата-аналардың қатысуы Ата-аналардың кездесулер мен іс-шараларға қатысу деңгейі, кері байланысы 6 Практикалық құндылық Ұсынылған жұмыстың басқа мектептерге үлгі боларлық тәжірибелік маңызы 7 Жұмыс сапалылығы Ұсынылған материалдардың сапалылығы -
9. Жұмыстарды ұсыну тәртібі
Google формада келесі файлдарды жүктеу қажет:
- Фотоесеп (3 минут);
- Бейнеролик (3–5 минут);
- Әдістемелік жұмыс немесе презентация (PDF / PPTX / DOCX форматында);
- Қысқаша есеп (1 бетке дейін);
- Қосымша.
-
10. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Сарапшылар алқасының шешімімен анықталған байқау жеңімпаздары «Тәлімгер» білім саласындағы әлеуметтік бастамалар мен инновацияларды қолдау қоры» қоғамдық қорының әр бағыты (3 бағыт) бойынша I, II, III дәрежелі дипломдарымен және қаржылай сыйақымен марапатталады.
Байқау бойынша 2 400 000 теңге жүлде қоры белгіленді.
Сонымен қатар 10 белсенді кәсіптік бағдар беруші мұғалімге жыл соңында болатын бизнес лагерьге тегін жолдама берілетін болады.
-
11. Байқауға қатысушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар
Байқау барынша тәжірибелік және түсінікті өтуі үшін қатысушыларға өз материалдарын дайындау барысында келесі бағыттарды ескеру ұсынылады:
1. Қай сыныптармен жұмыс істеуге болады
Байқауға 7–11-сынып оқушыларымен жұмыс істеу арқылы қатысуға болады (бұл жаста оқушылар өз болашағы туралы ойлана бастайды).
Ірі іс-шара өткізуге немесе бірнеше шағын кездесулер сериясын ұйымдастыруға рұқсат етіледі. Бір параллельмен (мысалы, тек 9-сыныптармен) немесе әртүрлі сыныптармен жұмыс жасауға болады — бастысы, іс-шараның кәсіби бағдармен байланысы болуы қажет.
2. Жұмыста не көрсету / не туралы айту керек
- Ынтымақтастық: жергілікті колледж, ЖОО, кәсіпкерлер немесе ұйымдармен серіктестіктің болуы.
- Инновациялық тәсіл: цифрлық құралдар мен онлайн сервистерді (бейнеролик, Kahoot, Canva, Google Form және т.б.) қолдану.
- Оқушылардың белсенді қатысуы: іс-шараға қатысқан оқушылар саны мен белсенділігі (шағын топтарда, тренингтерде, ойындарда).
- Әдістемелік сауаттылық: материалдың құрылымы мен мазмұны нақты, түсінікті және қысқа мерзімде іске асыруға қолайлы болуы.
- Өзектілік: заманауи сұранысқа ие мамандықтар мен бағыттардың қамтылуы.
- Ата-аналардың қатысы: ата-аналармен өткізілген бірлескен жиналыс, сауалнама немесе бейнежазба арқылы көрсетілген жұмыс.
- Эстетикалық безендіру: фото, бейне және материалдардың сапалы, тартымды рәсімделуі.
3. Байқауға не істеуге болады – мысалдар
- Ойын түрінде: «Арман мамандығын тап» квесті, кәсіби бағдар викторинасы, «Мамандықтар биржасы» ойыны.
- Әдістемелік жұмыс: «Менің мықты жақтарым» тренинг сценарийі, «Болашақ мамандықтары» сабағы, мамандық таңдау бойынша шағын тест.
- Фотоесеп: іс-шарадан алынған бірнеше сурет және қысқаша сипаттама (қайда, кіммен, қандай нәтиже).
- Бейнеролик: 3 минутқа дейінгі бейне, онда үдеріс көрініп, оқушылар мен ата-аналар қатысады.
- Іс-шара сценарийі: мақсаттары, кезеңдері, талқылауға арналған сұрақтары мен рефлексия бөлігі жазылуы қажет.
4. Ата-аналарды тарту
Бұл — байқаудың маңызды критерийлерінің бірі. Оны келесі тәсілдермен көрсетуге болады:
- Кәсіби бағдарлау тақырыбында өткен ата-аналар жиналысының фото немесе бейнежазбасы;
- «Мен мамандығымды қалай таңдадым?» атты ата-аналарға арналған сауалнама;
- «Менің ата-анамның мамандығы» атты бірлескен іс-шара;
- Ата-аналарға арналған еңбек нарығы туралы ақпараттық бұрыш немесе кеңес бұрышы.
5. Нені ескеру қажет
Өзекті мамандықтарға басымдық беріңіз – IT, экология, энергетика, медицина, инженерия, педагогика, қызмет көрсету, кәсіпкерлік.
Тек мамандықтар туралы айтып қана қоймай, саналы таңдау жасауға бағыттаңыз.
-
Тастемірова Зейнеп Жұмағалиқызы
+7 702 321 8350 -
Шайхиева Бибігүл Какимжанқызы
+7 707 975 36 80 -
Талғатбекова Алтынай Азаматқызы
+7 778 987 40 32